АЛМАТЫ, 8 қазан - Sputnik. АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Иветт Купер телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша дипломатиялық қатынасты жалғастыруға келісті, деп хабарлады мемлекеттік департамент. Бұл туралы РИА новости жазды.
"Мемлекеттік хатшы мен сыртқы істер министрі келіссөздер жүргізу және тұрақты бейбітшілік орнату арқылы Ресей мен Украинаның соғысын аяқтау үшін дипломатиялық әрекетті жалғастыруға келісті", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Ресей мен Украина тікелей келіссөздердің үш раундын өткізді. Нәтижесінде тұтқындармен алмасты. Тараптар жанжалды реттеу бойынша меморандум жобаларымен алмасты.