https://sputnik.kz/20251007/aqsh-turkiyadan-ukrainany-retteu-zhonindegi-ustanymyn-qayta-qaraudy-kutude---sarapshy-57691104.html
АҚШ Түркиядан Украина бойынша ұстанымын қайта қарауын күтіп отыр - сарапшы
АҚШ Түркиядан Украина бойынша ұстанымын қайта қарауын күтіп отыр - сарапшы
Sputnik Қазақстан
Сарапшының айтуынша, Түркия қақтығыс басталғаннан бері аймақтық тұрақтылық қағидаттарына негізделген теңдестірілген сындарлы саясатты ұстанады 07.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-07T15:00+0500
2025-10-07T15:00+0500
2025-10-07T15:50+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/06/02/54174793_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_304246fbc3253a3b492ffc5356db26bf.jpg
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. АҚШ Түркиядан Украина мәселесін реттеу жөніндегі ұстанымын қайта қараын күтіп отыр, бірақ Вашингтонның қысымы кері нәтижеге әкелуі мүмкін. Бұл пікірді Анкара дағдарыстық және саяси зерттеулер орталығының басшысы, профессор, доктор Мехмет Сейфеттин Эрол РИА Новостиге берген сұхбатында білдірді.Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен оның америкалық әріптесі Дональд Трамп Ақ үйдегі кездесуде Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша ықтималдық бірлескен қадамдарын талқылады, деп бұған дейін Түркия СІМ басшысы Хакан Фидан хабарлаған.Сарапшының айтуынша, Түркия қақтығыс басталғаннан бері аймақтық тұрақтылық қағидаттарына негізделген жан-жақты және теңдестірілген сындарлы сыртқы саясатты ұстанады.Ол Трамптың 25 қыркүйекте Ақ үйде Ердоғанмен кездесуі кезінде америкалық тарап Анкараның аймақтық процестерге айтарлықтай әсерін мойындағанын айтты.Эролдың пікірінше, Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты тез арада аяқтауға ұмтылған АҚШ президенті "Стамбул процесінің" маңыздылығын және ондағы Түркияның сындарлы, бейтарап рөлін мойындауға мәжбүр болады."Қазіргі жағдайда Ресей, атап айтқанда Путин, президент Ердоған өз ұстанымдарын нығайту үшін шаралар қабылдау қажет. Сондықтан Ердоған мен Путиннің бірлескен бастамалары мен ынтымақтастығы маңызды бола түсуде", - деп қорытындылады профессор.
https://sputnik.kz/20250928/erdogan-men-tramp-ukraina-maselesin-talqylady-57449060.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/02/54174793_217:0:2948:2048_1920x0_80_0_0_f9d9ce85d7625daa07ac75608e0c7a9b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
АҚШ Түркиядан Украина бойынша ұстанымын қайта қарауын күтіп отыр - сарапшы
15:00 07.10.2025 (жаңартылды: 15:50 07.10.2025) Сарапшының айтуынша, Түркия қақтығыс басталғаннан бері аймақтық тұрақтылық қағидаттарына негізделген теңдестірілген сындарлы саясатты ұстанады
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. АҚШ Түркиядан Украина мәселесін реттеу жөніндегі ұстанымын қайта қараын күтіп отыр, бірақ Вашингтонның қысымы кері нәтижеге әкелуі мүмкін. Бұл пікірді Анкара дағдарыстық және саяси зерттеулер орталығының басшысы, профессор, доктор Мехмет Сейфеттин Эрол
РИА Новостиге берген сұхбатында білдірді.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен оның америкалық әріптесі Дональд Трамп Ақ үйдегі кездесуде Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша ықтималдық бірлескен қадамдарын талқылады, деп бұған дейін Түркия СІМ басшысы Хакан Фидан хабарлаған.
Сарапшының айтуынша, Түркия қақтығыс басталғаннан бері аймақтық тұрақтылық қағидаттарына негізделген жан-жақты және теңдестірілген сындарлы сыртқы саясатты ұстанады.
Ол Трамптың 25 қыркүйекте Ақ үйде Ердоғанмен кездесуі кезінде америкалық тарап Анкараның аймақтық процестерге айтарлықтай әсерін мойындағанын айтты.
Эролдың пікірінше, Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты тез арада аяқтауға ұмтылған АҚШ президенті "Стамбул процесінің" маңыздылығын және ондағы Түркияның сындарлы, бейтарап рөлін мойындауға мәжбүр болады.
"Қазіргі жағдайда Ресей, атап айтқанда Путин, президент Ердоған өз ұстанымдарын нығайту үшін шаралар қабылдау қажет. Сондықтан Ердоған мен Путиннің бірлескен бастамалары мен ынтымақтастығы маңызды бола түсуде", - деп қорытындылады профессор.