АСТАНА, 7 қазан - Sputnik. Мехико әуежайында жиналған жұртшылық Димаш Құдайбергенді қоршап алды.
Тыңдарман қауым қазақстандық әншіні осындай ыстық ықыласпен күтіп алды.
Димашты көруге келгендер әуежай ішіне сыймай қалған. Олар "Димаш!" деп ұрандатып, қосыла ән шырқады. Димаш өзіне қошемет көрсеткендерге жылы шырай танытып, олардың кейбір сыйлықтарын қабыл алды.
Димаш Нью-Йорктегі концертінен кейін Мексика еліне гастрольдік сапармен барды. Айта кетейік, бұл Димаштың Мексика жеріне алғашқы сапары.