Жолдағы төбелес: Алматы полициясы қатысушыларға іздеу жариялады

Олардың бірі қарсыластарына пышақ ала жүгірген
Sputnik
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Алматы қалалық полиция департаменті жолдың бойында болған төбелестің қатысушыларын іздеуге кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Төбелес Алатау ауданында болды. Сол кезде қатысушылардың біреуі қарсыластарына пышақ ала жүгірген. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды.
"Төбелеске қатысушылардың жеке басы анықталды, оларды ұстау шаралары қабылдануда. Әрқайсысының әрекеттеріне жан-жақты тексеру жүргізіліп, тергеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға берілетін болады", - дейді полицейлер.
Осы орайда тәртіп сақшылары кез келген даулы жағдайларды тек заң аясында шешу қажеттігін ескертеді.
Бейнеуде жаппай төбелес кезінде 17 жастағы бозбала ажал құшты