Жолдағы төбелес: Алматы полициясы қатысушыларға іздеу жариялады

© Sputnik / Табылды КадырбековЖолдағы төбелес: Алматы полициясы қатысушыларға іздеу жариялады
Жолдағы төбелес: Алматы полициясы қатысушыларға іздеу жариялады - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2025
Жазылу
Олардың бірі қарсыластарына пышақ ала жүгірген
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Алматы қалалық полиция департаменті жолдың бойында болған төбелестің қатысушыларын іздеуге кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Төбелес Алатау ауданында болды. Сол кезде қатысушылардың біреуі қарсыластарына пышақ ала жүгірген. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды.
"Төбелеске қатысушылардың жеке басы анықталды, оларды ұстау шаралары қабылдануда. Әрқайсысының әрекеттеріне жан-жақты тексеру жүргізіліп, тергеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға берілетін болады", - дейді полицейлер.
Осы орайда тәртіп сақшылары кез келген даулы жағдайларды тек заң аясында шешу қажеттігін ескертеді.
Драка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2025
Бейнеуде жаппай төбелес кезінде 17 жастағы бозбала ажал құшты
Жаңалықтар
0