Қазақстандық спортшы Үндістандағы Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы атанды

Спортшы ең жоғары нәтиже көрсетті
Sputnik
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Қазақстандық спортшы көркем жүзуден Үндістандағы Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы атанды.
Үндістанда өтіп жатқан Азия чемпионатында көркем жүзуден ерлер арасында жекелей сындағы еркін бағдарламада қазақстандық Виктор Друзин 198.7639 ұпай жинады. Спортшы ең жоғары нәтиже көрсетіп, чемпионаттың екінші алтын медалін жеңіп алды.
Жүлде иелері:
Виктор Друзин (Қазақстан) — 198.7639
Ремма Феруучи (Жапония) — 191.0126
Ваттикорн Кхетхиранканок (Таиланд) — 132.2613
Айта кетейік, турнирдің алғашқы күнінде Виктор Друзин техникалық соло бағдарламасында жеңіске жетіп, тұғырдың ең биік сатысына көтерілген болатын.
Жыл басынан бері спортшылар Қазақстан қоржынына 345 медаль түсірді