Жыл басынан бері спортшылар Қазақстан қоржынына 345 медаль түсірді

© Photo : Пресс-служба министерства туризма и спорта Жыл басынан бері спортшылар Қазақстан қоржынына 345 медаль түсірді
Жыл басынан бері спортшылар Қазақстан қоржынына 345 медаль түсірді   - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2025
Жазылу
Соның ішінде 227 медаль олимпиадалық спорт түрлері өкілдерінің еншісінде
АЛМАТЫ, 6 маусым - Sputnik. Биыл 4 айда Қазақстан құрамасы олимпиадалық, паралимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлеріннен жалпы есебі 345 медаль иеленді , деп хабарлайды спорт және туризм министрлігі.
"Қаңтар-сәуір айларында пара және сурдо спортшылар 68 медаль еншіледі - 30 алтын, 19 күміс, 19 қола", - дейді ведомство.
Олимпиадалық спорт түрлерінің өкілдері ел қоржынын 227 медальмен толықтырды, оның ішінде:
189 медаль жазғы спорт түрлері бойынша (62 алтын, 66 күміс, 62 қола);
38 медаль қысқы спорт түрлері бойынша (8 алтын, 17 күміс, 13 қола).
Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша қазақстандық спортшыларлың қоржынында 50 медаль бар — 31 алтын, 14 күміс, 5 қола.
Ал ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан құрмасы Әлем және Азия чемпионаттарында 47 (29 алтын,8 күміс, 9 қола) медаль еншіледі:
қазақ күресі: 20 медаль — 16 алтын, 2 күміс, 2 қола
жамбы ату: 5 медаль — 1 алтын, 2 күміс, 2 қола 
дәстүрлі садақ ату: 12 медаль — 3 алтын, 3 күміс, 6 қола 
теңге ілу: 4 медаль — 3 алтын, 1 күміс
аударыспақ: 6 алтын - барлық санат бойынша алтын жүлде.
2025 жылдың қаңтар-сәуір айы аралығындағы жалпы қортынды: 392 медаль, оның ішінде: — 160 алтын — 124 күміс — 108 қола.
Каратэші Жоламан Биғабыл Азия чемпионатында топ жарды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2025
Қазақстандық каратэші Азия чемпионатында алтын медаль алды
Жаңалықтар
0