Астанада отбасылық ойын-сауық пойызы алғашқы сапарға шықты

"Поттер пойызына" 300-ден астам жолаушы мінген
Sputnik
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Қазақстанда алғашқы "Поттер пойызы" сапарын бастады. Оған 300-ден астам жолаушы мінген.
Қазақстанда алғашқы "Поттер пойызына" 300-ден астам жолаушы мінді
Астанада отбасылық мәдени ойын-сауық жобасы — "Поттер пойызы" өзінің алғашқы сапарына аттанды.
Екі сағатқа созылған бұл ерекше саяхатқа 300-ден астам жолаушы, оның ішінде балалар мен ата-аналар қатысты. Сиқырлы пойыз 6 вагоннан тұрады. Әр вагонда жолаушыларға арналған жеке қойылым көрсетіліп, барлық вагонда бір мезгілде театрландырылған бағдарлама жүргізілді.
Қазақстанда алғашқы "Поттер пойызына" 300-ден астам жолаушы мінді
"Осы сапарда шамамен 15 актер Гарри Поттер әлемінің ең танымал кейіпкерлерін сомдады. Жолаушылар пойыз ішінде Гарри Поттерді, Гермиона Грейнджерді, Драко Малфойды, профессор Дамблдорды, Северус Снеггті, Доббиді және басқа да сүйікті кейіпкерлерді көрді. Әрбір актердің костюмі, бейнесі мен гримі мұқият әзірленді. Соның арқасында қатысушылар өзін нағыз сиқыр әлемінде жүргендей сезінді", - делінген хабарламада.
"Поттер пойызы" 12, 18, 19, 25 және 26 қазанда жолға шығады. Қараша айында да сиқырлы пойыздың қатынауы жоспарлануда.
Әр сапардың ұзақтығы — 2 сағат.
130-дан астам жолаушы туристік пойызбен сапарға аттанды