Қазақстандық теннисші Кореяда өткен турнирдің жеңімпазы атанды

Бұл теннисші үшін ITF Juniors синглінің алтыншы жеңісі болды
Sputnik
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. ITF Juniors әлемдік рейтингінде 25-ші орын алған Заңғар Нұрланұлы Чхунчхонда өткен J200 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Қазақстан теннис Федерациясы.
Қазақстандық бірінші нөмірмен ойнады. Финалда ол корейлік Мин Хук Чоны 6:3, 6:4 есебімен сенімді түрде жеңді.
Турнир барысында Заңғар өзінің қарсыластарынан бірде-бір сетте кем түспеді. Бұл теннисші үшін ITF Juniors синглінің алтыншы жеңісі болды.
Келесі аптада Зангар Кореяның Вонджу қаласында өтетін турнирде ойнайды. Бұл турнир 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы бейресми Азия чемпионаты болып саналады.
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Ұлыбританияда өткен турнирде жеңіске жетті