Түркістан облысында әлем чемпиондарына 4 темір тұлпар табысталды

Армрестлинг құрамасына 10 миллион теңгенің сертификаты берілді
Sputnik
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Түркістан облысында әлем чемпиондарына 4 автокөлік табысталды.
Түркістан облысында әлем чемпиондарына 4 автокөлік табысталды
Өңір спортшылары 2025 жылдың 9 айында:
Қазақстан чемпионаттарында – 1060 медаль;
Азия чемпионаттарында – 109 медаль;
әлем чемпионаттарында 79 медаль жеңіп алды.
Чемпиондардың бірқатарын Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы марапаттап, құрмет көрсетті.
Түркістан облысында әлем чемпиондарына 4 автокөлік табысталды
Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде өткен кездесуде жуырда еркін күрестен және армрестлингтен әлем чемпионатында ел сенімін ақтаған спортшылар марапатталды.
Армрестлингтен Болгария елінің Албена қаласында өткен 46-шы әлем чемпионатында өңірден 19 спортшы әлем чемпионы атанған.
"Бүгінде Қазақстан, соның ішінде Түркістан облысының өрендері армрестлингтен әлемдік деңгейде көш бастап тұр. Бұл нәтижелер – өңірде спорт инфрақұрылымын дамыту, дарынды спортшыларды қолдау бағытындағы жүйелі жұмыстың жемісі. Ендігі мақсатымыз – олимпиада медалін алу", - деді Нұралхан Көшеров.
Түркістан облысында әлем чемпиондарына 4 автокөлік табысталды
Салтанатты іс-шарада Нұралхан Көшеров Хорватияда өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған Асылжан Есенгелдіге жаңа көліктің кілтін тапсырды. Сонымен бірге армрестлингтен әлемнің бірнеше дүркін чемпионы атанып, ел абыройын асырып жүрген Санжар Зәрубекке, Нұрдәулет Айдарханға және Ердәулет Мұхамбетовке де алғыс хат пен "темір тұлпар" кілттері тапсырылды.
Ал армрестлинг құрамасына 10 миллион теңгенің сертификаты берілді. Жалпы, 24 спортшы мен бапкер алғыс хатпен марапатталды.
Айта кетейік, Загребте өткен әлем чемпионатында Түркістан облысының өрені Асылжан Есенгелді 61 келі салмақ дәрежесінде қола жүлде жеңіп алды.
Тарихи медаль жеңіп алған қазақстандық спортшыға көлік пен пәтер кілті табысталды