Тарихи медаль жеңіп алған қазақстандық спортшыға көлік пен пәтер кілті табысталды

Тарихи медаль жеңіп алған қазақстандық спортшыға бағалы сыйлықтар табысталды
Тарихи медаль жеңіп алған қазақстандық спортшыға бағалы сыйлықтар табысталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2025
Жазылу
Бүгінде Айдос Сұлтанғалиге ай сайын 1 млн теңге мемлекеттік стипендия беріледі
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиға бағалы сыйлықтар табысталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қызылорда облыстық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Былтыр өңірдің жанашыр азаматы Бақдәулет Еркінбекұлының демеушілігімен спортшыға автокөлік табысталған. Ал соңғы жеңісінен кейін тағы бір көлік пен пәтер кілті табысталды. Бапкері Ғабиден Райымбек те назардан тыс қалмады. Оған жаңа пәтер беруге шешім қабылданды.
"Бүгінде Айдос Сұлтанғалиге ай сайын 1 млн теңге мемлекеттік стипендия беріледі. Бұл қолдау әрі қарай жалғасады. Біз батырымызды әрдайым бабында болуы үшін қолдап, қорғауымыз керек. Алдағы Олимпиада ойындарында жеңіс тұғырынан көрінуіне жан-жақты жағдай жасаймыз", - дейді облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.
Айта кетері, Айдос Сұлтанғали жақында Хорватия астанасы Загреб қаласында өткен ересектер арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионатында алтыннан алқа тағып, 26 жылдан кейін ел қоржынына тарихи медальді салып келді. Соңғы рет 1999 жылы өткен дүбірлі додада Мхитар Манукян алтын иеленген болатын.
Махмұд Сабырхан - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2025
Әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Жаңалықтар
0