Қазақстан мен Венгрия Будапештте жүк терминалын салады

Қазақстан Мажарстанға экспортты 95 тауар түрі бойынша арттыруға дайын екенін жеткізді
Sputnik
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Олжас Бектенов пен Мажарстан президенті Тамаш Шуйок экономикалық ынтымақтастық пен келісімдерді жоғары деңгейде жүзеге асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлады үкімет.
Тараптар ауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға, көлік-транзиттік, ауыл шаруашылығы салалардағы өзара іс-қимыл, жасанды интеллект пен цифрландыруды енгізу және басқа да өзекті мәселелерге назар аударды.
Кездесуге қатысушылар өзара сауданы одан әрі арттырудың зор мүмкіндігін айтты. Қазақстан Мажарстанға экспортты 95 тауар түрі бойынша арттыруға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ жаңадан құрылған Қазақстан-Мажарстан инвестициялық қоры бірлескен жаңа жобаларды жүзеге асырудың маңызды құралына айналады.
"Серіктестіктің негізгі бағыттарының бірі – көлік-логистика саласы. Қазақстанның Еуропалық Одаққа экспортын кеңейту мақсатында Будапешт агломерациясында интермодальды жүк терминалын салу бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыру перспективалары талқыланды", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар ЖИ технологияларын енгізу саласындағы ынтымақтастықтың стратегиялық басымдығы да қозғалды.
Әлемге әйгілі PepsiCo бренді Алматы облысында снэктер шығаратын зауыт салады