Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің шақыруымен Әзербайжанға барады

Президент түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің XII саммитіне қатысады
Sputnik
АСТАНА, 3 қазан-Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің шақыруымен 6-7 қазанда Әзірбайжанға барады, деп хабарлады президентінің баспасөз қызметі.
Тоқаев түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің XII саммитіне қатысады.
Президент 2024 жылы Әзірбайжанға мемлекеттік сапармен барған болатын.
Сапар аясында екі елдің көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықты стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерген және екі мемлекеттің одақтастық қатынастарын нығайтқан маңызды құжаттарға қол қойды.
"Астана келіссөзге арналған алаң ұсынуға дайын": Тоқаев Әзербайжан президентін құттықтады