АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі жалған стоматологиялық клиникалардың иелерін іздестіріп жатыр.
Олар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 46 млрд теңгеден астам қаражатты заңсыз шығару мақсатында қылмыстық схемаларды ұйымдастырды деген күдікке ілінді.
Атап айтқанда:
Дуйсенов Аслан Қамбарұлы, 01.04.1992 ж.т.
Иманбаев Габбас,18.05.1998 ж.т.
Елешев Есимхан Баяндиевич, 11.09.1987 ж.т.
Күдіктілер тіс емдеу қызметі көрсетілді деген жалған медициналық құжаттарды рәсімдеген.
Олар Маңғыстау және Атырау облыстарындағы 7 стоматологиялық клиниканы пайдаланған. Аталған мекемелер іс жүзінде ешқандай медициналық қызмет көрсетпеген.
Үш күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылады.
Айта кету керек, айыпталушылардың бірі Дүйсенов А.Қ. бұрын полиция қызметкері болған, алайда теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған. Ол 2016 жылы қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша ауыр қылмыс жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған.
Іздеуде жүрген тұлғалардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, Қаржылық мониторинг агенттігіне төмендегі нөмір бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: +7 (7172) 70 84 78 – кезекші бөлім. Сыйақы мен анонимділікке кепілдік беріледі.