Экс-банкир Жомарт Ертаев қамауда отыр

Ол сот шешімінен кейін ұсталған
Sputnik
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Экс-банкир Жомарт Ертаев қамауда отыр.
Бұл ақпаратты тілшімізге қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады.
"Сот шешімінен кейін ұсталып, қазір қамауда отыр", - делінген комитет хабарламасында.
Қыркүйектің басында 144 млрд теңге жымқырғаны үшін сотталған экс-банкирдің рақымшылық бойынша босатылғаны хабарланған.
️Бүгін депутат Абзал Құспан Ертаевқа қатысты сот қаулысының бүгін күші жойылғанын жазған еді. 2020 жылы экс-банкир 11 жылға сотталған болатын.
Бостандыққа шықпайды: сот экс-банкир Жомарт Ертаевқа қатысты шешімді өзгертті