АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Қарағандыда кәріз құбырын ауыстыру кезінде екі жұмысшы қаза тапты.
Жазатайым оқиға Кеншілер даңғылында болған. Кәріз құбырын ауыстыру кезінде екі жұмысшы траншеяға түскен. Сол кезде топырақ опырылып, екеуін басып тастады. Әріптестері оларды құтқаруға тырысқан, бірақ үлгере алмады. Екі жұмысшы топырақтың астында тұншығып қайтыс болды.
Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.
"Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады полиция.
Бұл бап бойынша кінәлілер 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.