Қарағандыда кәріз құбырын ауыстыру кезінде екі жұмысшы қаза тапты

© Sputnik / Табылды КадырбековҚарағандыда кәріз құбырын ауыстыру кезінде екі жұмысшы қаза тапты
Қарағандыда кәріз құбырын ауыстыру кезінде екі жұмысшы қаза тапты - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2025
Жазылу
Олар топырақ астында қалып қойған
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Қарағандыда кәріз құбырын ауыстыру кезінде екі жұмысшы қаза тапты.
Жазатайым оқиға Кеншілер даңғылында болған. Кәріз құбырын ауыстыру кезінде екі жұмысшы траншеяға түскен. Сол кезде топырақ опырылып, екеуін басып тастады. Әріптестері оларды құтқаруға тырысқан, бірақ үлгере алмады. Екі жұмысшы топырақтың астында тұншығып қайтыс болды.
Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.

"Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады полиция.

Бұл бап бойынша кінәлілер 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қарағандыда кәріз құдығын жөндеу кезінде  екі жұмысшы қаза болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2025
Қарағандыда кәріз құдығын жөндеу кезінде екі жұмысшы қаза болды
Жаңалықтар
0