АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Алматы облысында тұрғын үйден өрт шығып, әйел мен сәбиінің денесі табылды.
Өрт Іле ауданына қарасты Кенен Әзірбаев ауылында болған. Үш жеке тұрғын үй мен оларға жақын орналасқан шаруашылық құрылыстары жанған.
Жергілікті тұрғындар өртті кеш байқаған. Құтқарушылар келгенше, өрт аумаққа жайылып үлгерген.
"Жанып жатқан үйден анасы мен сәбиінің денесі табылды. Денесінің 70 пайызын күйік шалған тағы бір адам ауруханаға жеткізілді", - дейді құтқарушылар.
Жалын 448 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт ошағынан төрт газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылған.