https://sputnik.kz/20251001/almaty-oblysynda-anasy-men-sabii-tiridey-zhanyp-ketti--57530088.html
Алматы облысында әйел сәбиімен бірге тірідей жанып кетті
Алматы облысында әйел сәбиімен бірге тірідей жанып кетті
Sputnik Қазақстан
Үш жеке тұрғын үй мен оларға жақын орналасқан шаруашылық құрылыстары жанған 01.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-01T18:15+0500
2025-10-01T18:15+0500
2025-10-01T18:52+0500
өрт
алматы облысы
сәби
https://sputnik.kz/img/632/41/6324195_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_265c3091c33ad09c98345f3bd74a5f48.jpg
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Алматы облысында тұрғын үйден өрт шығып, әйел мен сәбиінің денесі табылды.Өрт Іле ауданына қарасты Кенен Әзірбаев ауылында болған. Үш жеке тұрғын үй мен оларға жақын орналасқан шаруашылық құрылыстары жанған. Жергілікті тұрғындар өртті кеш байқаған. Құтқарушылар келгенше, өрт аумаққа жайылып үлгерген.Жалын 448 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт ошағынан төрт газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылған.
https://sputnik.kz/20250919/soltustik-qazaqstanda-ush-adamnyn-zhumbaq-olimi-boyynsha-tergeu-bastaldy-57208333.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/632/41/6324195_117:0:1824:1280_1920x0_80_0_0_53bf7fa0dbe273e616724c2d9b825045.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өрт, алматы облысы, сәби
Алматы облысында әйел сәбиімен бірге тірідей жанып кетті
18:15 01.10.2025 (жаңартылды: 18:52 01.10.2025) Үш жеке тұрғын үй мен оларға жақын орналасқан шаруашылық құрылыстары жанған
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Алматы облысында тұрғын үйден өрт шығып, әйел мен сәбиінің денесі табылды.
Өрт Іле ауданына қарасты Кенен Әзірбаев ауылында болған. Үш жеке тұрғын үй мен оларға жақын орналасқан шаруашылық құрылыстары жанған.
Жергілікті тұрғындар өртті кеш байқаған. Құтқарушылар келгенше, өрт аумаққа жайылып үлгерген.
"Жанып жатқан үйден анасы мен сәбиінің денесі табылды. Денесінің 70 пайызын күйік шалған тағы бір адам ауруханаға жеткізілді", - дейді құтқарушылар.
Жалын 448 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт ошағынан төрт газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылған.