Қазақстанда банкаралық QR-төлемдер қызметі іске қосылды

Банкаралық QR-төлемдерге әзірше үш банк қосылып отыр
Sputnik
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда ұлттық төлем корпорациясының базасында банкаралық QR-төлемдер сервисі іске қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ұлттық банктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Банкаралық QR-төлемдерге әзірше үш банк қосылып отыр.
"Бүгіннен бастап банкаралық QR-төлемдер сервисі "Банк ЦентрКредит" АҚ, "Home Credit Bank" АҚ және "Freedom Bank" АҚ клиенттеріне қолжетімді. Операция жасау үшін сатып алушы клиент банктің мобильді қосымшасына кіріп, сатушының (сервиске қатысушы банктердің бірінде қызмет көрсететін) терминалында QR-кодты сканерлеп, төлемді растауы қажет", - делінген ресми хабарламада.
Ұлттық банк осы жүйеге қаржы нарығының қалған қатысушыларын кезең-кезеңімен қосу бойынша жұмысты жалғастырады. Ол үшін басқа банктер өздерінің мобильді қосымшаларында ішкі процестерді бейімдеу керек.
Туристер үшін ыңғайлы: әуежайларда QR қызметі енгізілді