https://sputnik.kz/20250610/turister-ushin-yngayly-auezhaylarda-qr-qyzmeti-engizildi-54474632.html
Туристер үшін ыңғайлы: әуежайларда QR қызметі енгізілді
Туристер үшін ыңғайлы: әуежайларда QR қызметі енгізілді
Sputnik Қазақстан
Жаңа жүйе туристерді алаяқтардан қорғауға, валюта айырбастау және басқа да қызмет түрлерінде кездесетін келеңсіз жағдайлардың алдын алады 10.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-10T12:00+0500
2025-06-10T12:00+0500
2025-06-10T12:00+0500
туристер
әуежай
туризм
https://sputnik.kz/img/07e8/06/19/45201149_0:105:2000:1230_1920x0_80_0_0_55ed10ae769876502395ae93861c0841.jpg
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Туризм және спорт министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, еліміздегі барлық халықаралық әуежайларда QR-код жүйесін енгізді. Бұл туралы үкімет отырысында министр Ербол Мырзабосынов мәлімдеді. QR-код шетелдік туристерге қажет негізгі қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, электронды SIM-карта, ресми такси қызметтері, қонақ үйлерді онлайн брондау, шетел азаматтарын тіркеу тәртібі және өңірдегі басты туристік нысандар туралы ақпаратты қамтиды. Еске сала кетейік, 2024 жылы Қазақстанға 15,3 миллион шетелдік қонақ келген. Олардың 10,4 миллионы бір күннен артық уақыт өткеннен кейін шетелдік турист мәртебесіне ие болған. QR-код жүйесін енгізу – туристерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға және олардың Қазақстандағы сапарын барынша жайлы етуге бағытталған маңызды қадам.
https://sputnik.kz/20250304/turkistanda-turister-ushin-qr-kody-bar-arnayy-kartalar-engiziledi-51340330.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/19/45201149_110:0:1890:1335_1920x0_80_0_0_421a2a7319db55fb5194e6b5a491c7b2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
туристер, әуежай, туризм
Туристер үшін ыңғайлы: әуежайларда QR қызметі енгізілді
Жаңа жүйе туристерді алаяқтардан қорғауға, валюта айырбастау және басқа да қызмет түрлерінде кездесетін келеңсіз жағдайлардың алдын алады
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Туризм және спорт министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, еліміздегі барлық халықаралық әуежайларда QR-код жүйесін енгізді. Бұл туралы үкімет отырысында министр Ербол Мырзабосынов мәлімдеді.
QR-код шетелдік туристерге қажет негізгі қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, электронды SIM-карта, ресми такси қызметтері, қонақ үйлерді онлайн брондау, шетел азаматтарын тіркеу тәртібі және өңірдегі басты туристік нысандар туралы ақпаратты қамтиды.
"Жаңа жүйе туристерді алаяқтардан қорғауға, әсіресе такси, байланыс, валюта айырбастау және басқа да қызмет түрлерінде кездесетін келеңсіз жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Бұл бастама туристерге қаланы оңай аралауға және қажетті ақпаратты жедел алуға көмектеседі", - дедйі министрлік.
Еске сала кетейік, 2024 жылы Қазақстанға 15,3 миллион шетелдік қонақ келген. Олардың 10,4 миллионы бір күннен артық уақыт өткеннен кейін шетелдік турист мәртебесіне ие болған.
QR-код жүйесін енгізу – туристерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға және олардың Қазақстандағы сапарын барынша жайлы етуге бағытталған маңызды қадам.