"Қайрат" – "Реал Мадрид" ойынын тамашалауға 5 мыңнан астам турист келді

Қазақстанға келген туристердің негізгі легі Қытай, Үндістан, Ресей азаматтары
Sputnik
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчы үшін Алматыға 5 мыңнан астам шетелдік турист келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"e-Qonaq" ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес, Қазақстанның өзге өңірлерінен келген жанкүйерлермен бірге санағанда көрермен саны ондаған мың адамға жетті.
"Туристердің негізгі легі Қытай, Үндістан, Ресей, сондай-ақ Жапония, Ұлыбритания, Испания, Чехия, ТМД және өзге де Еуропа мемлекеттерінен келген", - дейді әкімдік мамандары.
Сонымен қатар Қазақстанның басқа облыстарынан келген жергілікті туристер де бар.
Матчтың экономикалық әсері де айтарлықтай жоғары болады. Mastercard компаниясының мәліметі бойынша, Алматыға келген әрбір шетелдік туристің орташа шығыны шамамен 1 500 АҚШ долларын құрайды. Мұндай шығындар шағын және орта бизнестің дамуына серпін беріп, қызмет көрсету саласын жандандырады.
"Қайрат" пен "Реал" ойыны: орталық стадионда 1,5 мыңнан астам орындық жаңартылды