https://sputnik.kz/20250930/qayrat-pen-real-oyyny-ortalyq-stadionda-15-mynnan-astam-oryndyq-zhanartyldy-57489205.html
"Қайрат" пен "Реал" ойыны: орталық стадионда 1,5 мыңнан астам орындық жаңартылды
"Қайрат" пен "Реал" ойыны: орталық стадионда 1,5 мыңнан астам орындық жаңартылды
Sputnik Қазақстан
Сонымен қатар стадионда санитарлық тораптар жаңартылып, қосымша 60 биодәретхана орнатылды 30.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-30T12:09+0500
2025-09-30T12:09+0500
2025-09-30T12:15+0500
футбол
алматы
испания
https://sputnik.kz/img/1180/05/11800552_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_6629a8d3feffe1285d45be3e58cfcea8.jpg
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Алматының орталық стадионы "Реал Мадрид" футбол командасын қабылдауға дайын, деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі.Орталық стадионның алаңы халықаралық стандарттарға сай, жарық беру жүйесі мен инфрақұрылым тексерілген.Әкімдік хабарлауынша, төрешілер мен ойыншыларға барлық жағдай жасалған, киім ауыстыратын бөлмелер жабдықталып, спортшылардың жайлылығы үшін қажетті нәрселермен қамтамасыз етілген.Матч кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге Алматы қаласы Полиция департаментінің 2 382 қызметкері жұмылдырылады.Бұдан бөлек, бақылау-өткізу бекеттеріне металл детекторлар мен қол сканерлері қойылды. Стадион аумағында жедел жәрдем көліктері мен өрт сөндіру бригадалары кезекшілік етеді, эвакуация жоспарлары мен дабыл беру жүйесі тексерілді.Еске салайық, Чемпиондар лигасы аясындағы "Қайрат" пен "Реал Мадрид" арасындағы ойын бүгін, 30 қыркүйекте сағат 21:45-те өтеді.
https://sputnik.kz/20250930/almatyda-qayrat---real-matchynan-keyin-tegin-avtobustar-zhuredi-57488915.html
алматы
испания
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1180/05/11800552_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_e2be7e74173add19bb7e91b39b932e56.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
футбол, алматы, испания
"Қайрат" пен "Реал" ойыны: орталық стадионда 1,5 мыңнан астам орындық жаңартылды
12:09 30.09.2025 (жаңартылды: 12:15 30.09.2025) Сонымен қатар стадионда санитарлық тораптар жаңартылып, қосымша 60 биодәретхана орнатылды
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Алматының орталық стадионы "Реал Мадрид" футбол командасын қабылдауға дайын, деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі.
Орталық стадионның алаңы халықаралық стандарттарға сай, жарық беру жүйесі мен инфрақұрылым тексерілген.
Әкімдік хабарлауынша, төрешілер мен ойыншыларға барлық жағдай жасалған, киім ауыстыратын бөлмелер жабдықталып, спортшылардың жайлылығы үшін қажетті нәрселермен қамтамасыз етілген.
"Стадионның ішкі безендірілуіне ерекше көңіл бөлінді: трибуналар жаңартылды, Алматы қаласының айдентикасы мен стадион сәулетіне сай жаңа көркем суреттер жасалды. Көрермендерге ыңғайлы болу үшін 1,5 мыңнан астам орындық ауыстырылды, санитарлық тораптар жаңартылып, қосымша 60 биодәретхана орнатылды", - деп жазылған хабарламада.
Матч кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге Алматы қаласы Полиция департаментінің 2 382 қызметкері жұмылдырылады.
Бұдан бөлек, бақылау-өткізу бекеттеріне металл детекторлар мен қол сканерлері қойылды. Стадион аумағында жедел жәрдем көліктері мен өрт сөндіру бригадалары кезекшілік етеді, эвакуация жоспарлары мен дабыл беру жүйесі тексерілді.
Еске салайық, Чемпиондар лигасы аясындағы "Қайрат" пен "Реал Мадрид" арасындағы ойын бүгін, 30 қыркүйекте сағат 21:45-те өтеді.