АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Диетолог Татьяна Селезнева адамдарды нан өнімдерін көп тұтынбауға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оның айтуынша, ас қорыту жүйесі бұзылған адамдар пиццадан да, бәліштен де бас тартуы керек.
"Артық салмағы бар, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан немесе ас қорыту жүйесі бұзылған адамдарға мұндай тағамдарды ұсынбаймын", - деді Татьяна Селезнева.
Дәрігер "АиФ" басылымына берген сұхбатында сау адамдар да бұл тағамдарды тұтынудан бас тартуы немесе ең болмағанда шектеуі керек екенін атап өтті.
Диетолог тәбетті тыя алмаған жағдайда бәлішті тек мереке күндері және аз мөлшерде – 1-2 дана, ал пиццаны 1-2 тілім жеуге кеңес берді.
Бұған дейін ресейлік диетолог әрі эндокринолог Антон Поляков таңғы асқа шұжық жейтіндерге қатысты тосын мәлімдеме жасаған болатын. Дәрігер шұжық өнімдері қатерлі ісік ауруының даму қаупін арттыратын тағамдардың қатарына кіретінін айтты.