АСТАНА, 30 қыркүйек — Sputnik. Астанаға Мажарстан президенті Тамаш Шуйок ресми сапармен келеді, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 1-3 қазан күндері Астанада Мажарстан президенті Тамаш Шуйок ресми сапармен болады", - деп жазылған хабарламада.
Сапар аясында президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок Digital Bridge 2025 халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысады.