https://sputnik.kz/20250219/qazaqstan-men-vengriya-munay-zhetkizu-boyynsha-kelissoz-zhurgizedi-50994514.html
Қазақстан мен Венгрия мұнай жеткізу бойынша келіссөз жүргізеді
Қазақстан мен Венгрия мұнай жеткізу бойынша келіссөз жүргізеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Қазақстан мен Венгрия мұнай жеткізу бойынша келіссөз жүргізеді, деп хабарлады Энергетика министрлігі. 19.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-19T21:00+0500
2025-02-19T21:00+0500
2025-02-19T21:00+0500
қазақстан
венгрия
https://sputnik.kz/img/1256/77/12567798_0:105:2000:1230_1920x0_80_0_0_6c8cd92c956d675b0d23bfee0e0070be.jpg
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Қазақстан мен Венгрия мұнай жеткізу бойынша келіссөз жүргізеді, деп хабарлады Энергетика министрлігі.Бүгінгі таңда Қазақстан тарапынан тасымалдаудың техникалық мүмкіндігі расталды, бұл алдағы қадамдарға негіз жасайды.Тұрақты жеткізудің нақты мерзімі мен шарттары келіссөздер аяқталғаннан кейін және тиісті құжаттарға қол қойылғаннан кейін айқындалады.Еске салайық, 17 ақпанда Астанада Қазақстан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев пен Венгрияның сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сиярто энергетика саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, оның ішінде қазақстандық мұнайды жеткізу мәселелерін талқылаған болатын.
қазақстан
венгрия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1256/77/12567798_111:0:1891:1335_1920x0_80_0_0_c1765494552e320b2bee58cec7c7d10a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, венгрия
Қазақстан мен Венгрия мұнай жеткізу бойынша келіссөз жүргізеді
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Қазақстан мен Венгрия мұнай жеткізу бойынша келіссөз жүргізеді, деп хабарлады Энергетика министрлігі.
Бүгінгі таңда Қазақстан тарапынан тасымалдаудың техникалық мүмкіндігі расталды, бұл алдағы қадамдарға негіз жасайды.
"Коммерциялық шарттар жөніндегі келіссөздер мұқият зерделеуді қажет ететін күрделі және көп сатылы процесс, сондықтан келесі кезеңде "ҚазМұнайГаз" АҚ (ҚМГ) мен венгриялық MOL Group компаниясы негізгі коммерциялық шарттарды, оның ішінде жеткізу көлемі, баға белгілеу және транзит шарттары мәселелерін талқылайды", - деп жазылған хабарламада.
Тұрақты жеткізудің нақты мерзімі мен шарттары келіссөздер аяқталғаннан кейін және тиісті құжаттарға қол қойылғаннан кейін айқындалады.
Еске салайық, 17 ақпанда Астанада Қазақстан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев пен Венгрияның сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сиярто энергетика саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, оның ішінде қазақстандық мұнайды жеткізу мәселелерін талқылаған болатын.