Алматыда "Қайрат" - "Реал" матчынан кейін тегін автобустар жүреді

Sputnik
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Алматы қаласында Қайрат-Реал матчынан кейін тегін автобустар қатынайды. Сондай-ақ, метроның жұмысын ұзартуға шешім қабылданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қала әкімдігі таратқан мәліметке сәйкес, 60 автобус 6 бағытта жанкүйерлерді тасымалдайды. Олар:
Орталық стадион – "Алматы Арена" (тақтайша – А1, жүретін орны – Абай даңғылы батыс бағытта);
Орталық стадион – Райымбек/Алатау (тақтайша – А2, жүретін орны – Абай даңғылы батыс бағытта);
Орталық стадион – "Алматы -1 вокзалы" т/ж (тақтайша – А3, жүретін орны – солтүстік бағыттағы Байтұрсынов көшесі);
Орталық стадион – Орбита ш/а (тақтайша – А4, жүретін орны – оңтүстік бағыттағы Байтұрсынов көшесі);
Орталық стадион-Жұлдыз ш/а (тақтайша – А5, жүретін орны – Шығыс бағыттағы Абай даңғылы);
Орталық стадион – әуежай (тақтайша – А6, жүретін орны – шығыс бағытта Абай даңғылы).
Ал метроның жұмысы түнгі сағат 01:00-ге дейін ұзартылады.
"Осал команда емес": "Реалдың" бас бапкері неге алаңдайтынын айтты