https://sputnik.kz/20250929/osal-komanda-emes-realdyn-bas-bapkeri-nege-alandaytynyn-aytty-57477838.html
"Осал команда емес": "Реалдың" бас бапкері неге алаңдайтынын айтты
"Осал команда емес": "Реалдың" бас бапкері неге алаңдайтынын айтты
Sputnik Қазақстан
Испаниялық команда "Қайраттың" бұған дейінгі ойындарын да көріп, жан-жақты талдау жасаған 29.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-29T18:28+0500
2025-09-29T18:28+0500
2025-09-29T18:28+0500
"қайрат" футбол клубы
реал
https://sputnik.kz/img/344/29/3442967_0:106:2017:1240_1920x0_80_0_0_80fdc09b04106931141d7c14c395b31d.jpg
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. "Реал Мадрид" футбол клубының бас бапкері Хаби Алонсо "Қайратқа" қарсы ойынның қарсаңында неге алаңдайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Реал" ертеңгі матчта өз тактикасынан қайтпайды.Бас бапкерді алаңдататын нәрселер де бар. Себебі Чемпиондар лигасына өткен команда осал болмайды.Испаниялық команда "Қайраттың" бұған дейінгі ойындарын да көріп, жан-жақты талдау жасаған."Біз "Селтикке" қарсы ойынды көрдік, "Спортингке" қарсы ойынды да көрдік. Олар комбинациялық футбол көрсете білді. Түсінікті футбол ойнайтын команда екенін көрдік. Ертең бізді қызықты ойын күтіп тұр", - деп толықтырды "Реалдың" бас бапкері.Айта кетері, "Қайрат" пен "Реал" арасындағы матч ертең сағат 21:45-те басталады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/344/29/3442967_110:0:1905:1346_1920x0_80_0_0_cd87a4e9544a8925c114dcaf0d8c9e0c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
"қайрат" футбол клубы, реал
"қайрат" футбол клубы, реал
"Осал команда емес": "Реалдың" бас бапкері неге алаңдайтынын айтты
Испаниялық команда "Қайраттың" бұған дейінгі ойындарын да көріп, жан-жақты талдау жасаған
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. "Реал Мадрид" футбол клубының бас бапкері Хаби Алонсо "Қайратқа" қарсы ойынның қарсаңында неге алаңдайтынын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Реал" ертеңгі матчта өз тактикасынан қайтпайды.
"Ойын көрсеткен жақсы ғой. Прессинг те, шабуыл да жасаймыз. Бізде бар ойыншылармен жақсы ойын көрсетуге тырысамыз. Бұл өте қарқынды матч болғалы тұр. Себебі "Қайрат" физикалық тұрғыда болсын, тактикалық тұрғыда болсын, өте ұйымдасқан команда. Біз бірден қарқынды ойынды бастауға тырысамыз", - деді Алонсо бүгінгі брифингте.
Бас бапкерді алаңдататын нәрселер де бар. Себебі Чемпиондар лигасына өткен команда осал болмайды.
"Олар іріктеу кезеңінен "Селтикті" шығарып жіберді. Сол ойында гол соғатын сәттері де болды. Ал ертең өз алаңында ойнайды. "Қайраттың" дайын команда екеніне күмәніміз жоқ", - деп атап өтті Алонсо.
Испаниялық команда "Қайраттың" бұған дейінгі ойындарын да көріп, жан-жақты талдау жасаған.
"Біз "Селтикке" қарсы ойынды көрдік, "Спортингке" қарсы ойынды да көрдік. Олар комбинациялық футбол көрсете білді. Түсінікті футбол ойнайтын команда екенін көрдік. Ертең бізді қызықты ойын күтіп тұр", - деп толықтырды "Реалдың" бас бапкері.
Айта кетері, "Қайрат" пен "Реал" арасындағы матч ертең сағат 21:45-те басталады.