ЕЭК отын импортын баж салығынан босату туралы Қазақстанның ұсынысын қолдады

Қазіргі уақытта ЕАЭО-ға үшінші елдерден әкелінетін отынға 5 пайыздық мөлшерлеме қолданылады
Sputnik
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) отын импортын баж салығынан босату туралы Қазақстанның ұсынысын қолдады, деп хабарлады үкімет.
"ЕЭК кеңесі авиация, дизель отынын және бензинді әкелінетін кеден бажы салығынан босату түріндегі тарифтік жеңілдікті белгілеуді қолдады", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ЕАЭО-ға үшінші елдерден әкелінетін отынға 5 пайыздық мөлшерлеме қолданылады.
Сонымен қатар Қазақстанның ішкі нарығында 2025 жылы авиация отыны тапшылығы сезілді: үкіметтің мәліметі бойынша 1,2 миллион тоннаның шамамен 233 мың тоннасы (шамамен 20 пайызы) қамтамасыз етілмеген.
Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында төрт ұсыныс айтты