Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында төрт ұсыныс айтты

© Photo : Үкіметтің баспасөз қызметіОлжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты
Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 15 тамыз – Sputnik. Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында қазақстандық тарап бірнеше ұсыныс айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстанда биылғы жылдың бірінші тоқсанында жалпы ішкі өнім 2%-ке өсіп, 600 млрд долларды құраған. 5 айда өнеркәсіп өнімі 640 млрд долларға жетті.

"Қазақстанда ғана көрсеткіш 6,4%-ке өсіп, 46,5 млрд долларға жетті. Жалпы экономикалық реформа нәтижесінде ішкі өнім көлемі 7 айда 6,3%-ке артты. ЕАЭО аясында ауылшаруашылық және жеке сауда айналымы өсті. Нәтижесінде мемлекет арасында пайдалы әріптестік нығаюда", - деді премьер-министр премьер-министр Олжас Бектенов.

Бір орында тұрақтап қалмай, ұлттық экономикалық дамуда ауызбіршілікті дамыту керек деді, ол.
"Халықаралық валюта қоры мен әлемдік банк болжамынша 2025 жылы әлемдік экономика 2,8% болады. Әлемдік сауда ұйымы жалпы ішкі өнім көлемі 2,2% болады дейді. Әлемдік сауда экономикасы күтілетін нәтижеден нақты көрсеткіш 0,2%-ке қысқарады. Бұл көрсеткіштер ЕАЭО-ға әсерін тигізбей қоймайды", - дейді премьер-министр.
Негізгі көрсеткіштер бойынша даму баяулайды. Осы орайда нақты бағыттағы серіктестікті дамыту керек.
Бектенов қандай ұсыныс айтты:
1. Өзара сауданы дамыту.
Бұл орайда өткен жылғы көрсеткіш 97 млрд доллар болды. Қазақстанның өзге елмен сауда айналымы 87%-ке жетті.
"Бізге іскерлік алаңдарын дамытып, мемлекеттік сатып алуға байланысты ішкі экономикалық серіктестікті нығайту керек", - деді Бектенов.
2. Еркін сауда принципін қабылдау
Қазақстандық тасымалдаушылар мен өнім өндірушілер, өкінішке қарай, кедергілерге тап болып жатады. Тауарларға ветеринариялық, санитариялық және кедендік кедергілер бар. Екі рет салық төлеу фактілері бар. ЕАЭО елдерінде кедергісіз жүк тасымалына мүмкіндік жасалмаған. Әріптестер, бұл кеңесті құруда тауар айналымының еркін тасымалын басты мақсат еттік", - дейді Бектенов.
3. Транспорттық-логистикалық салаға альтернативті жолдар қарастыру.
"Еуразиялық контингенттегі транспорттық картада альтернативті маршрутты қарастыру маңызды. Осыған орай "Тұрғын – Дегерат" темір жолының жобасын қарастыруды ұсынамын. Нәтижесінде пәкістандық Карач портына 10 млн жүк тасымалдауға мүмкіндік туады", - дейді қазақстандық тарап.
4. ЕАЭО елдерінің үшінші елдер және ұйымдармен серіктестігін арттыру
Бұл мемлекеттердің сауда-экономикасын дамытып, әлеуметтік жағдайды дамытады.
Бірнеше ұсыныс айтқан Бектенов заманның талабы мен сұранысына икемделу үшін кейбір тетіктерді дамыту керектігін айтты.
Жаңалықтар
0