АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Ауа температурасының төмендеуіне байланысты елордада тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды орталық жылу жүйесіне қосу жұмыстары басталды, деп хабарлайды қала әкімдігі.
"Бұған дейін әлеуметтік нысандар — мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер өтінімдеріне сәйкес жылумен қамтамасыз етілген болатын", - делінген хбарламада.
Қаладағы барлық нысанды қосу алдағы күндері кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Айта кетері, былтыр елордада жылу беру маусымы 24 қыркүйекте басталған болатын.