АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров министр қызметіне тағайындалған Ермек Көшербаевты құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Көшербаев президент жарлығымен сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалды. Осыған орай Лавров өз әріптесіне құттықтау хатын жолдады.
"Құрметті Ербек Беделханұлы, Сізді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтаймы! Бұл шешім Қазақстан басшылығы тарапынан Сіздің мемлекеттік қызметтің сан алуан жауапты бағыттарындағы, соның ішінде дипломатия саласындағы көпжылдық жұмысыңыздың лайықты жоғары бағасын алып отырғанын көрсеттті", - делінген хатта.
Поздравление главы МИД России Сергея Лаврова в адрес главы МИД Казахстана Ермека Кошербаева
© Photo : МИД России
Осы орайда Лавров жаңадан тағайындалған министрдің үш жылдай Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып істегенін еске салып, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға бірлесіп күш салатынына сенім білдірді. Сондай-ақ ол Көшербаевты Ресей Федерациясына ресми сапармен келуге шақырды.