"Forbes" тізіміндегі олигархтар мен экс-шенеуніктердің жері мемлекетке қайтарылды

Оның ішінде Қапшағай жағалауындағы жер учаскесі мемлекетке қайтарылды
Sputnik
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Алматы облыстық прокуратурасы 15 жыл бұрын жеке меншікке өтіп кеткен құнды жер учаскелерінің мемлекетке қайтарылғанын хабарлады.
Соңғы үш жылда мемлекетке жалпы сомасы 6,1 млрд теңгеге 83 мың гектар жер қайтарылған болатын.
"Соның ішінде 21 мың гектар, құны 1,6 млрд теңге бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктердің, олардың туыстарының, сондай-ақ "Forbes" тізіміне кіретін адамдардың меншігінде болды. Атап айтқанда, прокуратураның талап-арызы бойынша 2025 жылы мамыр айында Кулибаевтар отбасына тиесілі Қапшағай жағалауындағы жер учаскесі мемлекетке қайтарылды", - дейді прокурорлар.
Бұдан бөлек, Қапшағай жағалауындағы тағы 9 гектар жер қайтарылды.
Қазіргі кезде Іле ауданындағы жерлер тексеріліп жатыр.
Қазақстанда жер беру тәртібі өзгереді