Өзбекстанда 15 жастағы қызға үйленген ер адамға қылмыстық іс қозғалды

Некені қиған адам да қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Sputnik
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Өзбекстанның Сурхандария облысында қоғамды дүр сілкіндірген оқиға болды. Кәмелетке толмаған қызды жақындары заңсыз тұрмысқа берген. Бұл туралы елдің Балалар омбудсмені Сурайё Рахмонова хабарлады.
Оның ақпаратына сәйкес, 2025 жылдың 8 шілдесінде Денау ауданының 67 жастағы тұрғыны 15 жастағы немересін ер адамға тұрмысқа берген. Қыз некеге тұру жасына әлі жетпегендіктен ресми тіркеу рәсімі жүргізілмеген. Алайда 75 жастағы қария діни жоралғы арқылы некені қиған.
"Тергеу органдары бұл факті бойынша дереу тексеріс жүргізді. Некені қиған адамға қатысты Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің неке жасы туралы заң талабын бұзу және неке қиюды заңсыз өткізу баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп жазды Сурайё Рахмонова.
Сондай-ақ 28 жастағы күйеу жігітке16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу бабы бойынша іс қозғалды.
Қазір бұл қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жауапты ведомстволар жағдайды жан-жақты тексеріп, заң аясында қатаң шаралар қабылдайды.
Кәмелетке толмаған екі қызын ланкестерге күйеуге бермек болған Астана тұрғыны сотталды