https://sputnik.kz/20250424/astana-turgyny-aleumettik-zhelide-terrorizmdi-nasikhattagany-ushin-sottaldy----52801729.html
Кәмелетке толмаған екі қызын ланкестерге күйеуге бермек болған Астана тұрғыны сотталды
Кәмелетке толмаған екі қызын ланкестерге күйеуге бермек болған Астана тұрғыны сотталды
Sputnik Қазақстан
Айыпталушы Алматы әуежайында Түркия арқылы Сирияға ұшуға дайындалу кезінде ұсталды 24.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-24T10:21+0500
2025-04-24T10:21+0500
2025-04-24T10:24+0500
терроризмді насихаттау
сот үкімі
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0a/26639669_0:359:2273:1638_1920x0_80_0_0_9ff3ef3872f66b7a250e89d3a41695c2.jpg
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Елорда тұрғыны Telegram мессенджері арқылы терроризмді қолдауға бағытталған материалдар мен идеологияларды таратып, Сириядағы лаңкестік топқа қатысуға бағытталған әрекеттерді дайындаған, деп хабарлайды Бас прокуратура. Кінәлі адам полиция қызметкерлерімен Алматы әуежайының аумағында Түркия арқылы Сирияға ұшуға дайындалу кезінде ұсталды. Сот үкімімен кінәлі адамға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Астана қаласының прокуратурасы террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысудың салдары мүлкі тәркіленіп, 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғатынын, терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру - мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғатынын ескертеді.
https://sputnik.kz/20241104/kentauda-khizb-ut-takhrir-dini-ekstremistik-uyymynyn-zhasyryn-toby-ustaldy--video-48265370.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0a/26639669_0:287:2273:1992_1920x0_80_0_0_42a1875d27f2dcde87e76f821fdcb7e9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
терроризмді насихаттау, сот үкімі
терроризмді насихаттау, сот үкімі
Кәмелетке толмаған екі қызын ланкестерге күйеуге бермек болған Астана тұрғыны сотталды
10:21 24.04.2025 (жаңартылды: 10:24 24.04.2025) Айыпталушы Алматы әуежайында Түркия арқылы Сирияға ұшуға дайындалу кезінде ұсталды
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Елорда тұрғыны Telegram мессенджері арқылы терроризмді қолдауға бағытталған материалдар мен идеологияларды таратып, Сириядағы лаңкестік топқа қатысуға бағытталған әрекеттерді дайындаған, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Кінәлі адам полиция қызметкерлерімен Алматы әуежайының аумағында Түркия арқылы Сирияға ұшуға дайындалу кезінде ұсталды.
"Сот талқылауында айыпталушы Telegram топтық чатында діни себептермен қарулы қақтығыстар туралы оң пікір айтқаны, сондай-ақ кәмелетке толмаған екі қызын лаңкестік топ мүшелеріне күйеуге беру үшін Сирияға баруды талқылағаны анықталды. Мемлекеттік айыптаушы сотқа бұлтартпас дәлелдемелерді ұсына отырып, кінәлінің телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, терроризімді насихаттау және террористтік топтың әрекетіне қатысуға дайындалу ниетін дәлелдеді", - делінген хабарламада.
Сот үкімімен кінәлі адамға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Астана қаласының прокуратурасы террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысудың салдары мүлкі тәркіленіп, 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғатынын, терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру - мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғатынын ескертеді.