Тоқаев көмекшілері мен кеңесшілерін қызметтен босатты

Президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болған Бақытжан Сапиев президент кеңесшісі болып тағайындалды
Sputnik
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі көмекшісі мен екі кеңесшісін лауазымынан босатты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Мемлекет басшысының жарлығымен Тамара Дүйсенова мен Қанат Шарлапаев президент көмекшісі қызметінен, Ернар Баспаев пен Күнсұлу Закария президент кеңесшісі қызметінен босатылды.
Бұдан бөлек, Әлихан Жамсатов президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына, ал осы бөлімді басқарған Бақытжан Сапиев президент кеңесшісі болып тағайындалды.
Айта кетері, Қанат Шарлапаев экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесші болса, Күнсұлу Закария ғылым және инновацияларға жауап берген.
Миллиондаған адам үмітпен көз тігіп отыр – Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясында не жайлы айтты