"Жеңіс" футбол клубының 19 жастағы ойыншысы көз жұмды

Sputnik
АЛМАТЫ, 24 қыркүйек – Sputnik. 19 жастағы қазақстандық футболшы Виктория Кайсаринова жол апатынан көз жұмды. Бұл туралы "Жеңіс" футбол клубы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
23 қыркүйекте Павлодар облысында жол апатынан бес адам қаза тапқан болатын. Олардың арасында Виктория Кайсаринова да болған.
"Жол апаты салдарынан біздің команданың футболшысы Виктория Кайсаринова көз жұмды. Жүргізуші жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, арақашықтықты сақтамаған. Осы жағдай жүк көлігімен соқтығысуға әкелді", - деп жазылған клубтың хабарламасында.
Викторияны әріптестері мықты қорғаушы, болашағы жарқын футболшы еді деп еске алады.
Еске сала кетейік, кеше Астана - Қызылорда автожолында жеңіл көлік пен жүк көліктері соқтығысып, салдарынан 5 адам көз жұмды. Қайғылы жағдайға жеңіл көліктің қашықтықты сақтамауы себеп болған.
Павлодар облысында жол апатынан 5 адам қайтыс болды