Павлодар облысында жол апатынан 5 адам қайтыс болды

© Photo : Stefan SchweihoferПредупреждающий знак на дороге. Архивное фото
Предупреждающий знак на дороге. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2025
Жазылу
Жеңіл көліктің жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтамаған
АЛМАТЫ, 23 қыркүйек - Sputnik. "Павлодар - Қызылорда" тас жолында жол апатынан 5 адам қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
23 қыркүйекте "Павлодар–Қызылорда" автожолының Байет ауылынан 5 шақырым жерде "Toyota Lucida" автокөлігі "Sitrak" жүк көлігімен соқтығысқан.
"Жеңіл көліктің жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтамаған. Жол апаты салдарынан Toyota автокөлігі өртенді. Оқиға орнында көлік жүргізушісі мен 4 жолаушы қайтыс болды", - дейді ведомстводағылар.
Полиция қылмыстық іс қозғады.
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2025
10 адамның өмірін қиған жол апаты: кінәлі адамның жүргізуші куәлігі болмаған
Жаңалықтар
0