Түркістан облысында ер адам қарияны балтамен ұрып өлтірді

Ер адам қарияны балтамен ұріп өлтіріп алғаннан кейін полицияға өзі хабарласқан
Sputnik
АСТАНА, 24 қыркүйек — Sputnik. Түркістан облысының Сарыағаш ауданында ауыр қылмыс болды.
39 жастағы шетелдік азамат тұрмыстық жанжалдан кейін 75 жастағы қарияға балтамен шабуыл жасаған. Соққы жасауға зейнеткердің су беруден бас тартуы түрткі болған.
Ер адам қарияны балтамен ұріп өлтіріп алғаннан кейін полицияға өзі хабарласқан.
Сот-медициналық сараптама оның ақыл-есі дұрыс емес екенін анықтап, бас бостандығынан айырудың орнына мамандандырылған психиатриялық клиникаға емделуге жіберді.
Алайда жәбірленушінің туыстары сот шешімімен келіспей, аппеляциялық шағым түсірген. Жақын арада іс қайта қаралады.
Түркістан облысында науқасқа асыққан дәрігерге айыппұл салынды: сот хаттама күшін жойды