Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Қазақстан Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыста делдал емес - Тоқаев

Республиканың делдал емес екеніне қарамастан, Қазақстан келіссөздер алаңын ұсынуға дайын
Sputnik
АСТАНА, 24 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыста делдал емес және өзін араағайын деп санамайды, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Менің пікірімше, екі тарап та екіжақты және әртүрлі деңгейдегі барлық даулы мәселе бойынша диалог жүргізуге қабілетті. Мен "Украина дағдарысы" өте күрделі және оны оңайлатуға болмайтынына әрқашан жария түрде айттым", - деді Тоқаев.
Әскери іс-қимылдардың жалғасуымен көптеген мәселе: аумақтық, тарихи, ұлттық, тілдік және саяси мәселелер күрделене түсіп жатыр.
"Иә, аумақтық мәселе қазіргі уақытта ең маңызды және күрделі болып отыр. Бірақ тарихи тақырыптардағы ілеспе пікірталастарға байланысты оның келіссөздер үстелінде іс жүзінде шешілуі әлі мүмкін болмай тұр", - деді президент.
Соған қарамастан келіссөздер жалғасуы керек, деген ол бұл туралы БҰҰ мінберінде сөйлеген сөзінде айтқанын еске салды.
"Егер Ресей мен Украина басшылары Қазақстанға келгісі келсе, біз келіссөздердің сәтті өтуі үшін барлық қажетті қызметті көрсетеміз", - деді президент.
Мемлекет басшысы жоғары деңгейдегі кездесулерге дипломаттар мен басқа да қызметтер сарапшылық деңгейде мұқият дайындалатынын айтты.
Оның пікірінше, күн тәртібіндегі барлық негізгі мәселе бойынша келіспеушіліктер бар және әскери іс-қимыл атысты тоқтатусыз жалғасып жатқанда практикалық нәтижеге үміттену – "шындыққа жанаспайтын көзқарас".
"Қорытындылай келе, мен мынаны нық айта аламын: біз Украина мен Ресей арасындағы жоғары деңгейде тікелей келіссөздердің басталуын қолдаймыз, бірақ өзара түсіністікке қол жеткізу үшін алдын ала жұмыс қажет. Делдал болмаса да, Қазақстан қажеттілік туындаса, барлық деңгейдегі келіссөздер мен кездесулер өткізу орнын ұсынуға дайын", - деп баса айтты.
Миллиондаған адам үмітпен көз тігіп отыр – Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясында не жайлы айтты