АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапары аясында Қазақстан мен АҚШ-тың ірі компаниялары арасында 11 келісім мен меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.
Құжаттар Қазақстан экономикасына 5,2 млрд доллар инвестицияны көздейді. Бұл инвестиция көлік, логистика, энергетика және ақпараттық технологиялар сияқты стратегиялық маңызды салаларына жұмсалады.
Келісім жасасқан тараптар: "Қазақтелеком", ҚТЖ, "Самұрық-Қазына", "ҚазМұнайГаз", сондай-ақ Amazon Kuiper, International Finance Corporation, Lummus Technology, Exxon Мobil, Chevron, LanzaJet, Wabtec және АҚШ экспорттық-импорттық банкі.