АСТАНА, 23 қыркүйек - Sputnik. Атом энергиясы агенттігінің хабарлауынша, Қазақстандағы тұңғыш атом электр станциясының атауын таңдау бойынша конкурс 25 қыркүйекте басталады.
Қазақстан азаматтарын мүмкіндігінше көп қамту үшін атом электр станциясының ең жақсы атауы бойынша ұсыныстар eGov Mobile қосымшасы арқылы қабылданады.
Ұсыныстар 25 қыркүйек пен 10 қазан аралығында жиналады.
Ұсыныстар 11-24 қазан аралығында талданады.
Атом электр станциясының ең үздік атауы қазан айының соңына қарай анықталады.
Атом электр станциясына атау беру бойынша жалпыұлттық конкурстың ережесі жарияланады.