АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Қарттар күні мерекесіне орай астаналық зейнеткерлер бір реттік төлем алады, деп хабарлайды Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы.
Астана мәслихаты бекіткен әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына сәйкес 1 қазан қарттар мерекесіне орай зейнеткерлерге және зейнетақының ең аз мөлшерін алушылар қатарындағы зейнеткерлерге төлем төленеді.
"Астана қаласында тіркелген зейнеткерлерге 2,5 айлық есептік көрсеткіш (9 830 теңге) мөлшерінде ақшалай төлем түрінде біржолғы төлем аударылады", - дейді ведомство.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ұсынған тізімге сәйкес Астана қаласы бойынша 100 мыңнан астам зейнеткер қамтылады.