Ата-анасын қарттар үйіне өткізгендердің жалақысының 50%-ін ұстап отыру керек – депутат

© Sputnik / Ертай СарбасовАлматыдағы "Шаңырақ" қарттар үйі
Алматыдағы Шаңырақ қарттар үйі - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 26 ақпан– Sputnik. Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков ата-анасын қарттар үйіне өткізген балалардың жалақысының 50 процентін ұстап, қариялардың есепшотына аударуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, 2023 жылы Қазақстанда қарттар және мүгедектер үйінде тұратын азаматтар саны 6 824 адамды құрады. Оның басым бөлігі Астана мен Шығыс Қазақстанда тіркелген.
"Сонау 90 шы жылдары еліміз тәуелсіздікті жаңа алып, дүкен сөрелері бос болған уақытта да қарттар үйіндегі қаракөз қариялар бірен-саран ғана болса, бүгінде 90 пайызы қазақ ұлтынан. Қарттар үйі қара шаңырақ па еді? Неге зейнетақы алатын күні қарттар үйінің алдында қымбат автокөліктер пайда болады? ", - деді Серіков мәжілістің бүгінгі отырысында.
Осы орайда депутат заң талабын еске салды. Оған сәйкес, еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті. Ата-аналар өз балаларынан алимент өндіріп алуға да құқылы. Бірақ бұл бап орындалып жатқан жоқ, себебі ешбір кейуана өз баласына шағым түсірмейді.
"Сондықтан біз ата-анасын қарттар үйіне тапсырған, қараусыз қалдырған балалар ата-аналарының есеп-шотына тапқан жалақысының 50 пайызын аударуды міндеттеу керекпіз. Әрине, бұл қаражат ата-анаға деген құрметке тең келмейді, дегенмен материалдық өтеуі болуы керек. Сонымен қатар 70 жастан асқан қариялардың атында жылжымайтын мүлкі болса, қайтыс болғанша басқа адамның атына рәсімдеуге тиым салуымыз керек", - деп атап өтті Серіков.
Жаңалықтар
0