АЛМАТЫ, 19 қыркүйек - Sputnik. Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының көлік салығына қарыздары 266 млн теңгеге жетті, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 қыркүйекте көлік салығы бойынша берешек 266,4 миллион теңге болды.
Берешекті кез келген екінші деңгейлі банк немесе Қазпошта филиалы арқылы, "e–Salyq Azamat" мобильдік құрылғыларға арналған қосымшада төлеу керек. Егер PUSH-хабарламалар алса, "Каспи банк" және "Халық банк" мобильдік қосымшаларында да өтеуге болады.
Көлік салығы мен қарыз мөлшерін дербес анықтау үшін kgd.gov.kz сайтындағы калькуляторды пайдалануға болады
Ең көп берешек бір тұрғында анықталды, оның қарызы – 3,9 миллион теңге.