Тамызда 160 мыңға жуық автокөлік тіркелді

Есепке қойылған көліктердің 59,7 %-ының зауыттан шыққанына 10 жылдан асқан
Sputnik
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Тамызда Қазақстанда 159,5 мың автокөлік тіркелді, олардың 15,2 %-ы алғаш рет есепке қойылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Ең көп автокөлік:
Алматы қаласында (20,7 мың бірлік),
Алматы облысында (15,6 мың бірлік),
Астана қаласына (14,5 мың бірлік) тіркелді.
Тамызда есепке қойылған көліктердің 59,7 %-ының зауыттан шыққанына 10 жылдан асқан. Қозғалтқыш көлемі бойынша басым бөлігі (36,3%) 1 500-2 000 см³ аралығында.
"2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша елдегі тіркелген автокөлік паркі 6 786,9 мың бірлікті құрады, бір жылдағы өсім – 21,6 %", - деп жазылған хабарламада.
Көліктер Алматы қаласында (797,2 мың бірлік) және Алматы облысында (723,9 мың бірлік) ең көп шоғырланған.
Автокөліктердің 91,9 %-ы жеке меншікте, қалғаны заңды тұлғалардың атына тіркелген.
Елдегі автокөлік саны 6,3 милионға жетті