АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты шешу ол күткеннен де қиын болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Бұл мен ойлағаннан да қиын болды. Бірақ мен көп қиын іске кіріскенмін", - деді Трамп Fox News арнасына берген сұхбатында.
Трамп еуропалық елдердің Ресей мұнайының ең ірі импорттаушысы болып табылатын Қытайға қарсы санкциялар немесе тарифтер енгізуі Украинадағы қақтығысты тоқтатуға көмектесуі мүмкін деп болжады.
"Егер олар Қытайға қарсы санкциялар немесе тарифтер енгізсе, қақтығыс аяқталуы мүмкін. Өйткені Қытай ресейлік мұнайдың ең ірі импорттаушысы", - деді ол.
Трамп Вашингтонның НАТО және Еуроодақтағы одақтастарының ресейлік мұнайды сатып алатынын білгенде , бұл жағдайға "көңілі толмағанын" баса айтты.
"Маған бұл іске араласып, өздеріңіз білетіндей, Үндістанға қарсы қатаң позиция ұстануға тура келді,. Өйткені олар Ресейден мұнай сатып алды", - деді Трамп.
Өткен аптада Ақ үй басшысы НАТО-ның барлық елі ресейлік мұнайды сатып алудан бас тартса, Мәскеуге қарсы ауқымды санкциялар салуға дайын екенін мәлімдеді. Трамп сонымен бірге альянсты Қытайдан келетін тауарларға 50-100 пайыздық баж салығын енгізуге шақырды. Оның айтуынша, бұл Украинадағы қақтығысты тоқтатуда үлкен рөл атқарады.