АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі болып қайта құрылды, деп хабарлады Ақорда.
"Инновациялық қызмет саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне бере отырып, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын", - делінген жарлықта.
Инновациялық қызмет саласындағы функциялар мен өкілеттіктер Ғылым және жоғары білім министрлігіне берілді.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.