https://sputnik.kz/20250918/zhasandy-intellektti-bilim-beru-zhuyesine-engizudin-ulttyq-modelin-bekitildi-57172802.html
Жасанды интеллектті білім беру жүйесіне енгізудің ұлттық моделі бекітілді
Жасанды интеллектті білім беру жүйесіне енгізудің ұлттық моделі бекітілді
Sputnik Қазақстан
Бұл тұжырымдама мектептерді ғана емес, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын да қамтиды 18.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-18T10:36+0500
2025-09-18T10:36+0500
2025-09-18T10:51+0500
оқу-ағарту министрлігі
еуропалық одақ
жасанды интеллект
https://sputnik.kz/img/07e9/09/12/57172099_0:149:814:607_1920x0_80_0_0_35f0232abae83fffa4b1c2e4e982a7a2.jpg
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. 2025–2029 жылдарға арналған орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізудің тұжырымдамалық негіздерін бекіту туралы бірлескен бұйрыққа қол қойылды, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.Қүжатқа оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев қол қойды.Осылайша алғаш рет білім беру саласында жасанды интеллектіні қолданудың бірыңғай ұлттық стандарттары бекітіліп, оған этика, құқықтық реттеу, дербес деректерді қорғау және академиялық адалдық мәселелері енгізілді.Бұл тұжырымдама мектептерді ғана емес, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын да қамтиды.Құжатта баланың құқықтарын қорғау мен педагогтің кәсіби беделін сақтау мәселесіне айрықша мән берілген. Мектептер мен колледждерде жасанды интеллектіні пайдаланудағы этика мен академиялық адалдықтың ортақ қағидалары бекітіледі.Айта кетейік, 2025–2026 оқу жылынан бастап "Цифрлық сауаттылық" пен "Информатика" пәндеріне жасанды интеллект элементтері енгізілді. Оқушылар үшін Day of AI әдістемелік кешені әзірленіп, педагогтер үшін арнайы біліктілікті арттыру бағдарламалары іске қосылды.
https://sputnik.kz/20250918/sharualar-zhasandy-intellekt-komegimen-tekhnikany-lizingke-aluga-otinish-bere-alady-57170702.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/12/57172099_1:0:814:610_1920x0_80_0_0_3e39d58c319aedbec8885b8b649d8b2f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқу-ағарту министрлігі, еуропалық одақ, жасанды интеллект
оқу-ағарту министрлігі, еуропалық одақ, жасанды интеллект
Жасанды интеллектті білім беру жүйесіне енгізудің ұлттық моделі бекітілді
10:36 18.09.2025 (жаңартылды: 10:51 18.09.2025) Бұл тұжырымдама мектептерді ғана емес, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын да қамтиды
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. 2025–2029 жылдарға арналған орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізудің тұжырымдамалық негіздерін бекіту туралы бірлескен бұйрыққа қол қойылды, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.
Қүжатқа оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев қол қойды.
Осылайша алғаш рет білім беру саласында жасанды интеллектіні қолданудың бірыңғай ұлттық стандарттары бекітіліп, оған этика, құқықтық реттеу, дербес деректерді қорғау және академиялық адалдық мәселелері енгізілді.
Бұл тұжырымдама мектептерді ғана емес, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын да қамтиды.
"Ол жасанды интеллектке арналған арнайы тақырыптарды оқу процесіне енгізуді, заманауи цифрлық оқулықтар шығаруды, оқушылардың ЖИ бойынша сауаттылығын қалыптастыруды және олардың жобалық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауды көздейді. Сонымен қатар, педагогтердің кәсіби деңгейін Acquire → Deepen → Create үшсатылы үлгісі бойынша жетілдіруді қамтамасыз етеді", - деп жазылған хабарламада.
Құжатта баланың құқықтарын қорғау мен педагогтің кәсіби беделін сақтау мәселесіне айрықша мән берілген. Мектептер мен колледждерде жасанды интеллектіні пайдаланудағы этика мен академиялық адалдықтың ортақ қағидалары бекітіледі.
Айта кетейік, 2025–2026 оқу жылынан бастап "Цифрлық сауаттылық" пен "Информатика" пәндеріне жасанды интеллект элементтері енгізілді. Оқушылар үшін Day of AI әдістемелік кешені әзірленіп, педагогтер үшін арнайы біліктілікті арттыру бағдарламалары іске қосылды.