Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Польша 32 мыңға жуық украин сарбазын дайындағанын хабарлады

Sputnik
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Польшаның ұлттық қорғаныс министрі Владислав Косиняк-Камыш Киевте журналистерге 32 мыңға жуық украин сарбазы Польшада дайындықтан өткенін хабарлады. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Косиняк-Камыштың сөзін Польша телевидениесі көрсетті.
"Қазіргі уақытта Польша өзінің одақтастарымен бірге Польша аумағында шамамен 32 мың украин сарбазын дайындады. Бұл сан Еуроодақтың басқа елдерімен салыстырғанда көп", - деді Косиниак-Камыш.
Оның айтуынша, Польша "Еуроодақ миссиясы және екіжақты қарым-қатынас аясында" украин әскерлерін дайындап жатыр.
Ресей АҚШ пен НАТО Украинадағы қақтығысқа қару-жарақ жеткізу арқылы ғана емес, сонымен бірге Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа елдерде Украина қарулы күштерін дайындау арқылы тікелей қатысып жатыр деп бірнеше рет мәлімдеген. Кремль Батыстың Украинаға қару-жарақ жеткізуі келіссөзге ықпал етпейтінін және оның кері әсері болатынын айтты.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина сыртқы істер министрлігі елге поляк әскері келетінін хабарлады